«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАЯҚ БЕС БАНКТЕН НЕСИЕ АЛДЫРТҚАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полиция қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізсе де, интернет алаяқтардың құрбандары азаймай отыр. Соңғы оқиға айқын дәлел бола алады. Белгісіз қылмыскер Петропавл қаласының тұрғынына телефон соғып, өзін банктің қауіпсіздік қызметкерімін деп таныстырған және әйелге оның атына біреу несие ресімдемекші болып жатқанын айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, қылмыскер өз-өзіне сенімді болған және банк терминдерін еркін меңгерген. Ол зардап шегушіні 2 миллион теңге басқа несие алу керектігіне көндіріп, кейін қосымша шотқа аударуды ұсынған. Көп кешікпей тағы да қоңырау шалып, қаскөй әйелге келесі банктен несие алмақшы болып жатыр деп айтқан. Бұл схема бірнеше рет қайталанған. Қаскөйдің нұсқауын орындаған әйел ақыр соңында бес банктен 8,5 миллион теңгеден астам несие алған. Алдаудың құрбанына айналғанын түсінгеннен кейін ғана полицияға жүгінген. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Бұл – интернет алаяқтардың арасында кең таралған тәсіл. Қылмыскерлер адамдарды несие алуға және ақшасын басқа шотқа аударуға көндіреді. Олар банк картасының нөмірі мен сыртында жазылған cvv-кодты, банк қосымшасының пин-кодын, sms-хабарлама арқылы келетін бір реттік құпия сөзді біліп алуға тырысады. Жыл басынан облыста 499 интер­нет алаяқтық тіркелді.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp