«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көлеңкелі тұстар көп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің басшысы Жарқын Ғалымов “AnticorLive” қызметінің тікелей эфирінде өткен сегіз айды қорытындылап, осы мерзімде атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.

Жыл басынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 8 сыртқы талдау жүргізді. Нәтижесі “бармақ басты, көз қысты” әрекеттерді азайтуға немесе жоюға бағытталған 218 ұсыным әзірлеген. Бүгінгі таңда олардың жартысына жуығы орындалды. Жарқын Ғалымовтың айтуынша, демеуқаржы беру саласында көлеңкелі тұстар көп. Бұған соңғы талдау барысында тағы көз жеткізілген.

“Ұсынымдардың 20-сы нормативтік құжаттарға өзгеріс енгізуді талап етеді, 13-і демеуқаржы беру жүйесін ақпараттандыруды жетілдіруге және 14-і ұйымдастыру шараларына қатысты. Әр аудандағы кәсіпкерлермен онлайн кездесулер ұйымдастырылды. Осындай кездесулерден кейін әкімшілік кедергілер салдарынан демеуқаржы ала алмай жүрген кәсіпкердің мәселесі оң шешілді”, – деді департамент басшысы.

Өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет биыл 59 қылмыстық істі тіркесе, соның 52-сі – сыбайлас жемқорлыққа қатысты. Мемлекеттік органдардың 8 басшысы ұсталды, олардың екеуі облыстық, қалғаны қалалық-аудандық маңыздағы мекемелердің жетекшілері. Келтірілген шығын 47,7 млн. теңге болды, осы күнге дейін мемлекетке 91,1 пайызы немесе 43,5 млн. теңгесі қайтарылды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp