«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЗ ШАНЫШАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ертеректе алыстан келген қонақ­қа берілген тағамның бірі – түстік ас. Қазақ түскі асын жаз ке­зінде таяқтың көлеңкесі жоғалып, күн шаңырақтың үстінен түскен кезде ішкен. Осы уақытқа тап келгендер үй иелерімен бірге отырып, шайын ішіп, тамағын жеген соң аттанып кететін болған. Көбіне қона бермейді.

Ал “біз шаншуға” келгендер ешкіммен сөйлеспей, аттарының ер тоқымын бір жерге жинап, түскі астан соң да кетпей қояды. Үй иесі қонаққа арнап мал сояды. Қонған адам ертесіне сиыр түсте үн-түнсіз аттанып кетеді. Қонақ кеткен соң үйдегілер бар гәпті түсіне қойып, дереу сырмақ қағады. Қайрағын іздейді. Содан сырмаққа шаншылған бізді көріп, қайрақтың жоғалғанын біледі.

Бұл – “Ұл ержетті, қыз бойжет­ті. Қосқұлақ бала бізде де бар. Қас сұлу сізде бар. Жекжат болайық” дегені. Егер қызы бар үй қайрақты сұрамаса, әлгі қонақ болып кеткен ақсақалдар келіп құда түседі.

“Жалпы қайрақ – ұлдар қолданатын сайман. Ал ине – қыздардікі. Шалдардың сырмаққа біз шаншуы – бізде бір ұл бар, осы шаңыраққа ұл болса дегенді тұспалдап білдіруі. Ал қайрақты алып кетуі – құда болайық дегені”, – дейді ғалым Дандай Ысқақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp