«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗ АЛАҢЫНДА ҰТЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан ел біріншілігінің 22-турында “Qyzyljar” клубы өз алаңында “Тұран” командасын қабылдады.

Бұған дейін жерлестеріміз ал­матылық “Қайратқа” есе жіберсе, бұл жолы турнир кестесінде 12-ші орында тұрған “Тұранға” ұтылды. Кездесу басталысымен қонақтар солтүстікқазақстандықтарды қыспаққа алған. Жергілікті жанкүйерлердің қуанышына орай, клубтың қақпашысы қауіптің бетін қайтара білді. Алайда қарқынға қарқын қосқан қонақтар ақыры дегендеріне жетіп, матчтың 76-шы минутында есеп ашты. Осы нәтиже матч соңына дейін өзгерген жоқ.

Жерлестеріміз 32 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында келеді. Келесі ойынды қазанның 2-сі күні сырт алаңда ақтаулық “Каспийге” қарсы өткізбек.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp