249 білім беру нысаны күрделі жөнделді
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі жылда 249 білім беру нысаны күрделі жөнделсе, соның 52-сі биыл жаңартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі жылда 249 білім беру нысаны күрделі жөнделсе, соның 52-сі биыл жаңартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында 272 дәрігер жетіспейді. Олардың ішінде жалпы практика дәрігерлері, анестезиолог-реаниматологтар, психиатрлар және сәулелік диагностика дәрігерлері бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында жедел респираторлық-вирустық инфекцияны жұқтырғандар саны артып келеді. Қыркүйекте 4010 адам ауырса, соның 1096-сы өткен аптада тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жас өскін тәрбиесіне тонның ішкі бауындай қоян-қолтық араласқаныма 60 жылдан асыпты. Сондықтан мен үшін бала өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Ат жалына жармасып ержеткен ұл, тал шыбықтай бұралып бойжеткен қыз – еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы, тірегі, алтын діңгегі, негізгі байлығы. Олар тәрбиелі, көргенді, ибалы болса, қарияларымыздың қабағын мұң шалмайды, отбасы іргесі сөгілмейді.
Көк байрағы аспанда желбіреген Тәуелсіз еліміздің жастарының сапалы білім, саналы тәрбие алуына зор үлес қосып отырған білім ошақтарының бірі – Тайынша қаласындағы агробизнес колледжі. Білім ордасының тарихы сонау 1959 жылдан бастау алады, кейіннен егемендіктің арқасында бұрынғы училище негізінде замануи колледж құрылды. Ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласы үшін мамандар даярлап келеді. Жарты ғасырдан астам уақыт …
Ел болашағының алтын діңгегі саналатын ұлттық тәрбие мен сапалы білімнің негізі мектепте қаланады. Оқу ошағының басшысы – осы істе бағыт көрсетуші. Қызығы мен қиындығы, ауыры мен жеңілі қатар жүретін өмір өткелдерінде кісілік келбетін жоғалтпай, алға қойған мақсатынан айнымай жүре білу маңызды. Қарапайым мұғалімдіктен еңселі білім мекемесінің басшысына дейін көтеріліп, іскерлік қарым-қабілетімен көпке үлгі бола білген …
“Ежелден үй саны 60-тан аспаған бөлімше едіңіздер. Бұрынғы әлеуетті кеңшар орталықтары тарап жатқанда орта мектепті ұстап қалғандарыңыз қуантады”, – деген сөздерді жиі естимін. Иә, ауыл – қазақтың күретамыры, ана тіліміздің, салт-дәстүріміздің, мәдениетіміздің, бір сөзбен айтқанда, ұлттық құндылықтарымыздың қайнар көзі ғой. Кеңес ауылы – бір-біріне ағайын, құда-жекжат, қойы қоралас, қазаны аралас шағын елді мекендердің бірі. Мұнда …
Жуырда “Елбасы медалі” жобасын іске асыру шеңберінде дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау көрсетуде барынша белсенділік танытқан ауыл мектептеріне талдау жүргізіліп, олардың арасынан Аққайың ауданындағы №1 Смирнов орта мектебі үздік деп танылды.
“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері мектептерге жүргізілген мониторинг қорытындыларын шығарды.
Жақсы мұғалімнің тәрбиесін көрген біз өзімізді шын мәнінде бақытты сезінеміз, болашағымыздың жарқын боларына сенеміз. 11 жыл бойы білім алған Озерный орта мектебінің білімді де білікті ұстаздары жайлы айтарымыз көп, алғысымыз шексіз.
Өңірімізге гастрольдік сапармен келген М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының әртістері Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында көрермендерге жазушы Дулат Исабековтың “Жүз жылдық махаббат” пьесасын ұсынды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтардың жаңа буынының қалыптасуына зор көңіл бөлді. 1992 жылы “Болашақ” халықаралық білім беру бағдарламасын қабылдау бұл бағыттағы маңызды қадам еді. Оның мәні еліміздің тұрақты дамуы үшін бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау болатын.
Бес аталым бойынша жыл сайын өткізілетін “Жомарт жүрек” байқауының жеңімпаздары марапатталды.Ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген азаматтардың қатарында өңіріміздің кәсіпкерлері де бар. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, “Жыл меценаты” аталымына “Агроном Тайынша” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жұмағали Ғабдуллин лайық деп танылды. Бұл марапат – өз туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырған, аз …
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында және қазақ халқының ұлы педагогы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орайластырыла ұйымдастырылған “Үздік педагог – 2021” республикалық байқауына еліміз бойынша 132 мектепке дейінгі және орта білім беру, 41 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымынан 173 үміткер бақ сынап, олардың арасынан ең таңдаулы 64-і топ жарды. “Үздік педагог – 2021” республикалық …
“Абылай хан резиденциясы” музей-кешенінде Семей қаласынан келген “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған “Адамзаттың Абайы” атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.
Қызылжарлық қана емес, еліміздің түкпір-түкпіріндегі көзі қарақты жұртшылықты көркем туындылармен, кестелі дүниелермен сусындатып отырған журналдың үстіміздегі жылғы үшінші санынан да ойлы оқырманға олжа боларлық біраз дүниелерді кездестіруге болады. Басылымның беташарынан орын алған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жерлесіміз Серік Негимовтің “Алланың өзі де рас, сөзі де рас” атты көлемді мақаласы данышпан Абай атамыздың логикалық танымын паш …
Суда жүзетін құстарды атуға рұқсат берілгеннен бері полиция қызметкерлері мен қорықшылар аң аулау қағидаларының сақталуын тексеру үшін бірнеше рейд өткізді. Бірлескен рейдтің бірінде Айыртау ауданында ағаш дайындау бригадасының жанында сұңқылдақ аққудың қалдықтары табылған. Оқиға орнына келген жедел-тергеу бригадасы жұмысшылардың бірі қызыл кітапқа енген құсты заңсыз атып алғанын анықтады. Күдікті Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 32 жастағы …
Қостанай қаласында қоянқолтық ұрыстан 8-15 жастағы балалар мен жасөспірімдер арасында турнир ұйымдастырылды. Дәстүрлі жарыс осымен 21-ші рет республикалық деңгейде өткізілді. Бұл додаға тұңғыш рет Солтүстік Қазақстан облысынан команда қатысып, өңір намысын абыроймен қорғап келді.
Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жақсарту және бейімдеу, мүмкіндігі шектеулі адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі мониторингтік топтың жұмысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.
Солтүстік Қазақстан облысында қорық аумағында заңсыз аң аулағандар ұсталды, олардың екеуі де қорықшы болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.