«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Абылай хан резиденциясы” музей-кешенінде Семей қаласынан келген “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған “Адамзаттың Абайы” атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.

Көрмеге ұлы ақын, дана ой­шыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор Абай Құнанбайұлының қолының табы қалған жәдігерлер қойылды. Ақынның өзі досы Н.И.Долгополов арқылы 1885 жылы Семей қаласындағы өлкетану музейіне тапсырған, артынша 1964 жылы қыркүйек айында өлкетану музейінен Абай музейіне өткізілген заттар да көрмеден орын алды. Құнды жәдігерлер қатарында Абайдың бүгінгі күнге жеткен екі фотосуреті, архив құжаттары, музей қорындағы құнды кітаптар болды. Бұл көрмені қала қонақтары мен тұрғындар бір ай бойы тамашалай алады.

Әсемгүл ҚЫДЫБЕКОВА,

“Абылай хан резиденциясы” музей-кешені директорының орынбасары.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp