«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ОРДАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көк байрағы аспанда желбіре­ген Тәуелсіз еліміздің жастары­ның сапалы білім, саналы тәрбие алуына зор үлес қосып отырған білім ошақтарының бірі – Тайын­ша қаласындағы агробизнес колледжі. Білім ордасының тари­хы сонау 1959 жылдан бастау алады, кейіннен егемендіктің арқасында бұрынғы училище не­гізінде замануи колледж құрыл­ды. Ұзақ жылдар бойы ауыл ша­руашылығы саласы үшін маман­дар даярлап келеді. Жарты ға­сырдан астам уақыт ішінде білім ордасынан мыңдаған түлек үлкен өмірге жолдама алды. Бүгінгі таң­да бұл ұжымды ұлағатты ұстаз, еліміздің білім беру ісінің үздігі Даулыбай Ташетов басқарады. Өткен жылы ол білім беру және тәрбие бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары үшін “Ыбырай Алтынсарин” төс­белгісімен марапатталды. Есімі “Қазақстанның алтын кітабы” жи­нағына енгізілді.

Тайынша агробизнес коллед­жіне 2014 жылдан бастап “Тамақ­тандыруды ұйымдастыру”, “Ауыл шаруашылығы техникасына тех­никалық қызмет көрсету және жөндеу”, “Фермерлік шаруа­шы­лық” мамандықтары бойынша дуальды оқыту енгізілді.

Дуальды оқыту жүйесін қолда­ну үшін кәсіпорындармен келісім­шарттар жасалды. Әлеуметтік серіктестік – өзара іскерлік бай­ланыстың тиімді тәсілі. Ауданның ірі ауыл шаруашылығы құрылым­дары оқу орнының серіктесі бо­лып табылады. Солардың ара­сынан “Тайынша Астық” ЖШС-і, “Астық STEM” ЖШС-і, “Тайынша Агроном” ЖШС-і, “Ильич Тайын­ша” ЖШС-і, “Тайынша Коммун­Сервис” ЖШС-і, “Вишневское” ЖШС-і, “Әлжан” ШҚ, “Николюк Е.Н” ЖК., “Казбекова Ж.М” ЖК., “Егимбаев С.З.” ЖК-ін ерекше атап өтуге болады. Бұл кәсіп­орындар оқу барысын жоспар­лау­ға қатысып, студенттердің өн­дірісте тәжірибеден өтуіне және болашақта жұмысқа орнала­суына мүмкіндік береді. Жыл сайын оқу бітіруші топтардың қо­рытынды аттестаттау емтиханы­на да қатысады.

2018 жылдан бастап кол­ледж­де модульдік-құзыреттілік тәсілі негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдар­ламалары іске асырылуда. Нәти­желі жұмыспен қамту және жап­пай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағ­дарламасына сәйкес, кол­ледж­де жұмысшы кадрларды ең­бек нарығында сұранысқа ие кә­сіптер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жү­зеге асырылады.

2016 жылдан бастап колледж “Құрғақ құрылыс және гипс-қа­тырма табақ жұмыстары”, “Тас қа­лау”, “Дәнекерлеу ісі”, “Аспаз ісі”, “Ауыл шаруашылығы машинала­рының слесарь-жөндеушісі” құзы­реттілігі бойынша “WorldSkillsKa­zakhstan” өңірлік чемпионатына үзбей қатысып келеді. Бұл байқау жұмысшыларға арналған олим­пиа­да деп те аталады.

Басшылық білім беру меке­месіне тәжірибелі ұстаздарды топ­тастыра білді. Соның арқасында биыл колледж аккредиттеуден сәтті өтті. Соңғы уақытта мате­риалдық-техникалық базасы ны­ғайып келеді. Колледждің оқу ғимаратында 15 оқу кабинеті, спорт залы, 100 орындық асхана, 10000 данадан астам кітап қоры бар кітапхана, медициналық ка­бинет орналасқан. Бұдан бөлек, колледж аумағында 4 зертхана, 3 шеберхана, 100 орындық жатақ­хана ғимараты бар. Агробизнес колледжіне бекітілген алқаптарда студенттер дәнді дақылдар егеді. Соңғы бес жыл ішінде оқу орны айтарлықтай өзгерді. Оқу ғима­рат­тарына жөндеу жұмысы жүр­гізілді. Шатыры ауыстырылып, дәліз заманауи қалыпқа келтіріл­ді. Барлық маңызды іс-шаралар өткізілетін акт залы толығымен жаңартылды. Әкімшілік және оқу корпусындағы барлық терезе блоктары ауыстырылды. Ауыл ша­руашылығы техникасына тех­никалық қызмет көрсету және жөн­деу мамандығына арналған және тарих кабинеті қайта жабдық­талды. Осы өзгерістердің бас­тамашысы, ұйымдастырушысы – колледж директоры Даулыбай Ташетов мырза.

Жастар жылына орай елімізде “Жас маман” жобасы бастау алғаны белгілі. Оның мақсаты – сұранысқа ие 100 мамандық бойынша 180 колледж бен 20 жоғары оқу орнын жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу. Ол үшін әр өңірде конкурстық негізде бір базалық университет және 10 колледж анықталды. Тайынша агробизнес колледжі – аталмыш жобаның қатысушысы.

Президент Қасым-Жомарт То­қаевтың Қазақстан халқына ар­наған Жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттерді жүзеге асы­руда алғы шепте болып, кәсіби мамандарды даярлау ісінде та­лап үдесінен көрінуді мұрат еткен колледж ұжымы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын лайықты табыстар­мен қарсы алып отыр деп айтуға толық негіз бар.

Асель ТИЛЬТАЕВА,

Тайынша агробизнес колледжі директорының оқу және тәрбие жөніндегі орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp