«Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы пара алып, бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынына айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Antikor ақпарат алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов осындай мәлімет берді.
«2021 жылғы 22 қыркүйекте Петропавл қалалық сотының үкімімен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Жұмабаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Осы үкіммен оның орынбасары Сағдеев 3 жыл 6 айға сотталды. Жұмабаев пен Сағдеев жылу жүйесін ағымдағы жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алудың жалған шартын жасасу жолымен 5 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді», – деді Қайсар Баржақсынов.
Оның айтуынша, сот кезінде мекеме басшысының мемлекеттік сатып алу шарттарын кедергісіз жасағаны үшін 3 кәсіпкерлік субъектісінен жалпы сомасы 1 млн теңге пара алғаны дәлелденген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://www.inform.kz/