«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 04.10.2021

АСЫЛ ПАРЫЗ

Отан қорғаушылар үшін халқына адал қызмет етуден, ар мен намысты биік қоюдан, батылдықтың үлгісін көрсетуден асқан мәртебе жоқ. Атамекеніміздің аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін сенімді қорғаусыз, бейбіт өмірсіз, жасампаз еңбексіз көзге елестету мүмкін емес. Ел басшылығының ұдайы қамқорлығы арқасында бүгінде Қарулы Күштеріміз мемлекетіміздің берік қалқанына айналып отыр. Жыл өткен сайын қазақстандық әскер осызаманғы қару-жарақпен, техникамен, білікті …

АСЫЛ ПАРЫЗ Read More »

Келіссөз жасау өнері: Теңізден “Smart City”-ге дейін

Өзінің сыртқы саяси қызметі барысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің халықаралық аренада тиімді нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін көптеген нұсқалар, мүмкіндіктер, ұсыныстар, баламалар, келісімдер мен бас тартулардың орасан көп түрлерін тұжырымдап шығарды.

ЕСІРТКІМЕН КҮРЕС — ОРТАҚ МІНДЕТ

Облыстық полиция департаментінің мамандары Ресей Федерациясындағы әріптестерімен онлайн-кездесу өткізді. Шекаралас үш аймақтың полиция ведомстволары мен облыстық полиция департаментінің бастықтары телекөпірде көлік құралдарына қылмыстық қол сұғушылық және есірткі саудасымен күрес мәселелерін талқылады.

БӘЙТЕРЕК КӨКТЕГЕН ЖЫЛ

Қызылжардың дәл іргесінде Бәйтерек деген ауыл бар. Ерке Есілдің бойында ірге тепкен елді мекенде бес жүзден астам үй түтін түтетуде. 2010-ыншы жылы атамекенге көш басын бұрған қандастарымыздың маңдайын тіреп, ат байлаған қазығына айналған құтты қоныс. Тасжолдың бойында орналасқан осы ауылға қарап, сүйсінемін. Бос жатқан жерге ауыл тұрғызып, бабалар қонысына сағына жеткен ағайынды құшақ жая қарсы …

БӘЙТЕРЕК КӨКТЕГЕН ЖЫЛ Read More »

ӘЗІЛГЕ ТОЛЫ ҚОЙЫЛЫМ

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлт­тық академиялық драма театрының труппасы қызылжарлық көрермендерге бұл жолы белгілі жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың “Қырманбайдың тойы” атты комедиясын (сахналық нұсқасы “Бес бойдаққа бір той” деп аталады) тарту етіп, ауыл өмірін көз алдымызға әкеліп, әзіл-қалжың мен күлкіге қарқ қылды.

Жастарға жемқорлық жат

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университе­тінде өткен “Идеялар марафоны” байқауы жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды көздеді.

Жаңарған мектептер

Өңірімізде соңғы екі жылда 249 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтсе, 52-сі биыл жаңартылды. Оқу ордаларында атқарылған құрылыс жұмыстары туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопова білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында айтып берді.

МАМАНДЫҒЫНА АДАЛ

Қайдар Сейітмұхамбетов “Гуманитарлық-техникалық колледжді” техник-құрылысшы мамандығы бойынша тамамдаған. Бүгінде ол “Энергострой құрылыс басқармасы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде прораб қызметін атқаруда.

ДӘСТҮРЛІ МАРАФОН

Петропавлдағы Борки кентінде орналасқан олипимпиада резервін даярлау орталығының шаңғы-роллерлік трассасында “Алтын күз” деген атаумен жүгіруден марафон ұйымдастырылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған спорттық шараға қалалықтармен бірге облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты.

ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ТАНЫТПАДЫ

Хоккейден жоғары лига командалары арасындағы ойындар жалғасуда. Жергілікті құлагерліктер елордалық “Снежные барсы” командасына қарсы екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.

“Qyzyljar” алда

Футболдан ел біріншілігінің 23-ші турында “Qyzyljar” клубы сырт алаңда ақтаулық “Кас­пий” командасына қарсы ойнады. Бұл кездесуде жерлестеріміз қажетті 3 ұпайды еншіледі.