«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ТАНЫТПАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Хоккейден жоғары лига командалары арасындағы ойындар жалғасуда. Жергілікті құлагерліктер елордалық “Снежные барсы” командасына қарсы екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.

Бірінші күннің ойынында солтүстікқазақстандық хоккейшілер елордалық команданың тегеуіріне шыдас беріп, 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ал екінші кездесу жерлестеріміздің айқын басымдығымен өрбіді. Нәтижесінде бірінші шайбаны Владислав Болдин алғашқы кезеңнің 2-ші минутында соғып, құлагерліктерді алға шығарды. Кейін шабуылдарына қарқын қосқан жергілікті ойыншылар тағы бір мәрте “Снежные барсы” қақпасынан саңылау тапты. Бұл жолы Никита Сиденко дәл соққымен көзге түсті.

Келесі кезеңде де қызылжарлықтар қонақтарға мүмкіндік бермей, жауапсыз екі шайбаны қақпаға дарытты. Алдымен Илья Ахметов, кейін Владислав Болдин нәтижелі соққының авторлары атанды. Ал кездесудің үшінші бөлігінде елордалықтар есеп айырмасын қысқартуға жақын тұрды. Алайда барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмаған олар ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда тағы бір шайбаны өткізіп алды. Қоры­тынды есеп – 5:0.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp