«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДӘСТҮРЛІ МАРАФОН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Борки кентінде орналасқан олипимпиада резервін даярлау орталығының шаңғы-роллерлік трассасында “Алтын күз” деген атаумен жүгіруден марафон ұйымдастырылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған спорттық шараға қалалықтармен бірге облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты.

Дәстүрлі марафонның ашылуында сөз сөйлеген Ғани Сақтағанұлы бүгіндері облыста саламатты өмір салтын нығайтуға жергілікті атқарушы билік тарапынан ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтты.

– Жыл сайын өңірімізде жаңа спорттық нысандар бой көтеруде. Жаз айында “Ақ бидай”, қыста “Солтүстік” ойындары дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Бұл әрине, жергілікті тұрғындардың бұқаралық спортқа деген қызығушылығын арттыруда. Қазіргі уақытта облыс тұрғындарының үштен бір бөлігі саламатты өмір салтын ұстанады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев “дені сау ұлт қана жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады” деген болатын. Сондықтан біз өз тарапымыздан азаматтарымызға спортпен шұғылдануға барынша жағдай жасауды жалғастырамыз, – деді Ғани Нығыметов.

Марафон бағдарламасы аясында әйелдер 3, ал ерлер 5 шақырымдық қашықтықты бағындырды. Сондай-ақ сынаққа қатысқандардың нәтижелері жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа, яғни 18 бен 39, 40 пен 49, 50 мен 59 және 60-тан асқандар арасында бағаланды. Айта кету керек, биылғы марафонға 200-ден астам қала тұрғыны қатысуға ниет білдірді. Олардың барлығы белгіленген межені жүгіріп өтіп, үздіктерге грамоталар мен медальдар табысталды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp