«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңарған мектептер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде соңғы екі жылда 249 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтсе, 52-сі биыл жаңартылды. Оқу ордаларында атқарылған құрылыс жұмыстары туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопова білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында айтып берді.

Қазіргі таңда 38 нысанда жұмыстар аяқталды, бесеуінде сыртқы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олар – Ақжар ауданының Май, Мағжан Жұмабаев ауданының Чистовское және Полудино орта мектептері, Мамлют ауданындағы Андреевка және Тайынша ауданындағы Амандық ауылдарындағы білім ошақтары. Күрделі жөндеу жұмыстары жоспар бойынша үстіміздегі жылғы қарашаның басында аяқталуы тиіс.

“Биыл 52 оқу орнын жаңарту үшін 4,1 млрд. теңге бөлінді. Оның 46-сы ауылдық жерлерде орналасқан. Биыл жөндеу жұмыстары жүргізілген нысандардың 42-сі – мектеп, 5-еуі – колледж, екеуі балабақша және үшеуі облыстық мекеме”, – дейді Татьяна Протопопова.

Сондай-ақ ол 2025 жылға дейін облыстың елді мекендерінде орналасқан 260 орта мектепті химия, биология, физика пәндері кабинеттерін кезең-кезеңімен жарақтандыру жоспарланып отырғанын айтты. Бүгінгі таңда 321 мектеп – физика, 255 мектеп – химия, 253 мектеп биология пәні кабинеттерімен жабдықталған, 105 мектепте лингафондық-мультимедиялық кабинеттер бар.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp