Қайдар Сейітмұхамбетов “Гуманитарлық-техникалық колледжді” техник-құрылысшы мамандығы бойынша тамамдаған. Бүгінде ол “Энергострой құрылыс басқармасы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде прораб қызметін атқаруда.
“Мен бұған дейін он жылға жуық уақыт бойы “Есіл су” кәсіпорнында жұмыс істедім. Әр адам өзінің таңдаған мамандығын шынайы жақсы көрсе, сол саланың дамуына үлес қосуды міндетім деп санайды. Менің де мақсатым – осы. Қазір облыс аумағында жылу және электр жүйелерін жаңғырту жұмыстары қызу жүріп жатыр ғой. Қаламыздағы №7 жылу магистралін қалпына келтіруге 1 млрд. теңгеден астам қаражат бағытталмақ. Биыл жоспар бойынша 900 метрі ауыстырылады. Оған 40 техника тартылған. Жұмыстың сапалы орындалуына бар күшімізді салатын боламыз, – дейді Қайдар Сейітмұхамбетов.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.