Футболдан ел біріншілігінің 23-ші турында “Qyzyljar” клубы сырт алаңда ақтаулық “Каспий” командасына қарсы ойнады. Бұл кездесуде жерлестеріміз қажетті 3 ұпайды еншіледі.
Ойынның бірінші минуттарынан бастап жерлестеріміз қарсылас қақпасынан саңылау табуға тырысқанымен, есепті алаң иелері ашты. Намысқа тырысқан солтүстікқазақстандықтар шабуылдарын үдете түсті. Нәтижесінде бұрыштамадан әуелетіп жеткен пасқа Мусса Коне бірінші жетіп, таразы басын теңестірді. Көп ұзамай 43-ші минутта теріскейлік команда алға шықты. Екінші таймда есеп 1:2 болып сақталып, Әлібек Қасымның соққысының нәтижесінде “Qyzyljar” клубы жеңіске жетті.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.