БІР ӘУЛЕТТІҢ ТАҒДЫРЫ
Большевиктердің қисынсыз революциялық қайта құруларының кесірінен ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ халқының әжептәуір бөлігі Қазақстаннан басқа жаққа көшуге мәжбүр болды. Біздің отбасымыз, менің аталарым мен ата-анам, осы қасіретті басынан өткізді. Олар Ресеймен шекаралас өңірде тұрғандықтан, елдегі заңсыздық пен дүрбелең басылғанша бала-шағасын аман сақтау үшін Сібірде бас сауғалады. Алғашында әке-шешем Омбы облысын паналаған. Ол жақта ешкім …