«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.10.2021

Қуат берген дәмің мен тұзың маған…

Сазгер, әнші, кино актері Аққу Байжігітпен пойызда бірге жолаушылап, Арқадан Алатауға жеткенше біраз әңгіменің тиегін ағытқан едік. “Нені аңсаймын” деген әні бар бұл жігіттің. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған, жүрек сағынышын тербетіп, көңіл қылын шертер тамаша әнге бүгінде тыңдарман қауым оң бағасын беріп үлгерді. Ұзақ жолда өнер, әдебиет жайлы да сөз болып, әңгіме арасында …

Қуат берген дәмің мен тұзың маған… Read More »

ЕЛГЕ ЕЛ ҚОСЫЛСА — ҚҰТ

Халқымызда “елге ел қосылса – құт” деген қанатты сөз бар. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі болып дүниежүзіне тарыдай шашылған қандастарды атажұртқа шақырды. Ұлы көш бүгінге дейін жалғасып келеді. Жуырда ғана Иран Ислам республикасынан келген 30 шақты қазақ отбасы Есіл мен Шал ақын аудандарына қоныстанғанына куә болдық. Көп уақыт өтпей қандастарымыздың тарапынан жергілікті …

ЕЛГЕ ЕЛ ҚОСЫЛСА — ҚҰТ Read More »

ҰМЫТЫЛМАС ӘСЕР

Дүниежүзілік опера күні қарсаңында Ақан сері атындағы облыстық филармонияда “Vivat Opera” концерті өтті. Кеш барысында опера әншілері эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен танымал туындыларды орындап, тыңдармандарына ұмытылмас әсер сыйлады.

КӨМЕК МҰҚТАЖДАРҒА ҒАНА КӨРСЕТІЛУІ ТИІС

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты Жолдауында елімізде еңбек нарығында тиімді экожүйені қалыптастырудың негізгі бағыттарын іске асыру аясында қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету қажеттігін атап өтті.

ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚҚА — ОТЫЗ ТҮП ШЫРША

Осыдан екі жыл бұрын Қазақстан кәсіподақтары күні қарсаңында облыс орталығындағы Тұңғыш Президент саябағында арнайы аллея ашылып, ағаштар отырғызылған еді. Игі бастама биыл да ұмыт қалмай, бұл жер жаңа көшеттермен толықты.

Қапы қалмаңыз!

Үстіміздегі жылғы бірінші қазан күні Қазақстанда Ұлттық халық санағының жаппай аралау кезеңі басталды. Бір айдың ішінде интервьюерлер әрбір үй мен пәтерге барып, онлайн-санақтан өтпегендерді жазып алуы қажет.

КӘСІПОДАҚ — СЕНІМДІ КҮШ

Жастар сарайында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев, Қазақстан кәсіподақтар федерациясы атқару комитетінің мүшесі Қайрат Өстеміров құттықтау сөз сөйлеп, форумның маңыздылығын, іс-шара бастауыш кәсіподақ бірлестіктерінің рөлі мен беделін көтеруді көздейтінін атап өтті.