«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мас күйінде көлік жүргізген 30 адам сотталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында биыл көлікті мас күйде тізгіндеген 30 адам сотталса, соның 12-сі бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ең үлкен жазаға Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны тартылды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Екі жыл бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлікті басқару құқығынан айырылған 31 жастағы солтүстікқазақстандық тағы да рульге отырған. Осы жылдың сәуір айында ол мас күйінде велосипедшіні қағып кетті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, ҚР ҚК 346-бабының 2-бөлігі белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір лауазыммен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

«Биыл осыған дейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік басқару құқығынан айырылған 30 солтүстікқазақстандық сотталды. Олардың 12-сі 6 айдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ барлығы енді өмір бойына көлік басқара алмайды. 8 қылмыстық іс қазір сотта қаралып жатыр. Қазіргі уақытта осындай алты факті бойынша тергеу жүргізілуде», – дейді СҚО ПД анықтау басқармасының бастығы Ербол Бектұров.

Тимирязев ауданының Докучаево ауылында өткен демалыс күндері полиция қызметкерлерінің тоқтату туралы талабын елемеген мас жүргізуші ұсталды. «ВАЗ»-ды тізгіндеген ер адам орташа дәрежеде мас болған. Жүргізушіге қатысты полиция қызметкерінің талаптарын орындамау фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 613-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылуы мүмкін.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp