«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІПОДАҚ — СЕНІМДІ КҮШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жастар сарайында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының форумы өтті. Облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев, Қазақстан кәсіподақтар федерациясы атқару комитетінің мүшесі Қайрат Өстеміров құттықтау сөз сөйлеп, форумның маңыздылығын, іс-шара бастауыш кәсіподақ бірлестіктерінің рөлі мен беделін көтеруді көздейтінін атап өтті.

Марапаттау рәсімінде сахнаға бірінші болып Ұлы Отан соғысының ардагері Қожатай Некібаев көтерілді. Бір ғасырдың төріне озған қария білім беру жүйесіндегі кәсіподақ қозғалысының белді мүшесі саналады. Оған “Кәсіподақ ардагері” медалі салтанатты түрде табыс етілді. Мұндай марапатқа Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық балалар кітапханасының бөлім меңгерушісі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Елена Тимощук та ие болды.

“Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін” медалі облыстық кәсіподақтар орталығының бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі бас маманы Баян Рахымбаеваға, мемлекеттік, банк, қоғамдық қызмет мекемелері салалық кәсіподағының бас бухгалтері Любовь Сызгановаға, республикалық кәсіподақ федерациясының Құрмет грамотасы кәсіподақ комитетінің төрағасы, көпсалалы облыстық балалар ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері Шыңғыс Нұрғалиевке берілді.

Осындай марапатқа ие болғандардың қатарында Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің оқытушысы Игорь Смирнов, “Основание” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіподақ комитетінің бухгалтері Анастасия Шляжко бар. Кәсіподақтың бір топ белсендісіне облыс әкімінің Құрмет грамотасы табыс етілді.

Облыстық кәсіподақтар орталығының жетекшісі Ерік Нұрақаев Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында кәсіподақ федерациясы 2021 жылды бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы деп жариялағанын айта келіп, осыған орай ұйымдастырылған байқау жеңімпаздарының есімдерін атады. Облыстық балалар ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымы “Ақпараттық кеңістіктегі ең белсенді кәсіподақ ұйымы” аталымы бойынша кубок пен “Senim” республикалық денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері кәсіподағының сертификатын иеленді. Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәдениет, спорт қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы республикалық байқаудың дипломымен марапатталды.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp