«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қапы қалмаңыз!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылғы бірінші қазан күні Қазақстанда Ұлттық халық санағының жаппай аралау кезеңі басталды. Бір айдың ішінде интервьюерлер әрбір үй мен пәтерге барып, онлайн-санақтан өтпегендерді жазып алуы қажет.

Интервьюердің әрқайсысында Ұлттық статистика бюросы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мөрімен расталған куәлігі, сондай-ақ планшет, санақ логотипі бар көк түсті портфель мен шарф болады. Фото-суреттері бар интервьюерлер тізімдері stat.gov.kz сайтында орналастырылған.

Онлайн-сауалнамадан өткен респонденттер үшін статистика органы қызметкеріне санақтан өткені туралы хабарламаны көрсеткені жеткілікті

Облыс тұрғындары әлеуметтік және экономикалық сипаттағы бірқатар сұрақтарға жауап беруі тиіс. Санақ парақтарына енгізілген сұрақтар тізімі респонденттер үшін әртүрлі болады. Тұрғын үй жағдайлары бойынша сұрақтар үйде бірінші болып жазылған респондентке ғана қойылады. Халықтың жұмыспен қамтылуы бойынша сұрақтар 15 және одан жоғары жастағы адамдардан сұралады. Сұрақтардың бір бөлігі әйелдерге ғана арналған.

Егер қандай да бір себеппен интервьюермен араласқыңыз келмесе, санақтан онлайн форматта өтуге болады. Онлайн-сауалнама үстіміздегі жылдың 15 қазанына дейін қолжетімді. Петропавл қаласы мен облыс аудандарында білікті қызметкерлер кәсіби көмек көрсетеді, сұрақтарға жауап беретін нұсқаушы учаскелер, санақ бұрыштары ашылған.

Абай ӘЛЖАНОВ,

облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp