«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусты жұқтырушылар саны күннен-күнге артып келеді, өткен тәулікте қауіпті инфекция 98 адамда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде КВИ жұқтырғандардың саны артып келеді. Мәселен, 30 қыркүйек күні 70 адамда қауіпті инфекция анықталса, 4 қазанда 93 адамда тіркелген. СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен тәулікте 98 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 87-сінде, яғни 88 %-ында ауру белгілері болған. Әдеттегідей Петропавл тұрғындарының үлесі жоғары – 37 адам ауырған, ал аудандар арасында М.Жұмабаев көш бастап тұр – 9 сырқат анықталған. Мамлют, Қызылжар аудандарында 8 адамнан, Шал ақын мен Айыртау аудандарында – 5, Ғ.Мүсірепов пен Аққайың аудандарында – 4, қалғандарында 1-3 адамнан ауырған.

ПТР әдісімен зертханалық талдаулар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 91 азаматтан және эпидқадағалау мақсатында 7 азаматтан алынды. Жалпы облыста ПТР зерттеулер жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Пандемия басталғалы КВИ-ға 468 739 зерттеу жүргізілді. Соның жалпы санның 5,3 %-ы, яғни 25 054 адамда оң нәтиже болған.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp