Екпе паспортын қолдан жасаған
Айыртау аудандық орталық ауруханасының фельдшері вакцинация паспортын қолдан жасап келгені үшін сотталды. Қылмыстық істі Айыртау аудандық соты қарады. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, медициналық қызметкер үстіміздегі жылғы 14-21 тамыз аралығында жұмыс орнында отырып, “Профилактикалық екпе есеп журналына” жалған мәліметтерді енгізген. Соның негізінде “Вакцинация модулі” автоматтандырылған жүйесінде жалған вакцинация паспорттары қалыптастырылған.