«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екпе паспортын қолдан жасаған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау аудандық орталық ау­руханасының фельдшері вакцинация паспортын қолдан жасап келгені үшін сотталды. Қылмыстық істі Айыртау аудандық соты қарады. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, медициналық қызметкер үстіміздегі жылғы 14-21 тамыз аралығында жұмыс орнында отырып, “Профилактикалық екпе есеп журналына” жалған мәліметтерді енгізген. Соның негізінде “Вакцинация модулі” автоматтандырылған жүйесінде жалған вакцинация паспорттары қалыптастырылған.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің куәлік етуімен және жазбаша дәлелдемелермен толық дәлелденді.

Айыртау аудандық соты жазаны ауырлататын жағдайлардың болмауын есепке алып, медициналық қызметкерге бір жылға бостандығын шектеу жазасын кесті.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp