Солтүстікқазақстандық оқушылар “Елбасы медалімен” марапатталды. Биыл Тұңғыш Прездиент Нұрсұлтан Назарбаев және “Елбасы Академиясы” қорларының бастамасымен өткізілген жобаға облыс атынан 404 жас қатысты. Оның 258-і қола, 70 үміткер күміс медальға ие болды.
Сонымен қатар жобаға белсенді қатысқан мектеп те анықталды. Ол – Аққайың ауданының Смирново ауылындағы №1 орта мектеп. Аталған білім ордасының 12 оқушысы “Елбасы медалі” бағдарламасын аяқтап, қола медальдарға ие болды. Нәтижесінде ұжымның еңбегі жоғары бағаланып, “Елбасы Академиясы” корпоративтік қорының көшбасшылықты дамыту орталығы оқу ошағына 2 млн. теңгелік қаржылай сертификат табыстады.
– Биыл “Елбасы медалі” иегерлерінің 605-і грант алып, еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу орындарына түсті. Олардың 30 пайыздан астамы ауыл мектептерінің түлектері, – деді “Елбасы Академиясы” корпоративтік қоры көшбасшылықты дамыту орталығының басшысы Айгүл Қуатова.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.