«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кемшіліктер көп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалы жанындағы мониторингтік топ мүшелері 2025 жылға дейін 1300 нысанды тексеруді жоспарлап отыр. Ондағы мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандардың мекемелерге кіріп-шығуының қаншалықты деңгейде қолжетімді ұйымдастырылғанын білу. Бүгінге дейін 259 ұйымға талдау жасалып, жағдайдың көңіл көншітпейтіні, негізгі талаптардың сақталмайтыны анықталды.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Мереке Мұхамедияровтың айтуынша, ғимараттар алдында ерекше күтімді қажет ететін адамдар үшін тұрақ орындары қарастырылмаған. Кіреберістегі баспалдақтарда ескерту белгілері, қызмет көрсету алаңдарына апаратын тактильді бағыттаушы жолақтар орнатылмаған. Көру қабілеті нашар санаттағылар үшін мекемелердің атаулары Брайль бедерлі-нүктелі қарпімен жазылмаған.

“Бұл мәселе партияның тұрақты назарында болады. Сот ғимараттарының көпшілігінде пандустар талапқа сай емес. Қарапайым қоңырау түймелері қойылмаған фактілер жиі кездеседі”, – дейді партия филиалының бөлім меңгерушісі Гүлнәр Халықова.

Есіл аудандық соты алдындағы пандус нормативтерге сәйкес келмейді. Сот залы екінші қабатта орналасқандықтан, арбаға таңылған мүгедектердің көтерілуі өте қиын. Ал әжетхана жайлы сөз қозғаудың өзі ыңғайсыз. Сот төрағасы ескертулердің түзетілетініне уәде берді. Жамбыл аудандық соты пандуспен жабдықталмаған. Мектеп, колледж директорларының, дүкен, дәріхана иелерінің, мекеме әкімшілерінің “мүгедектер бізге келмейді” деген ақталулары шындықпен үйлеспейді.

Нұротандықтардың дабылынан кейін Мағжан Жұмабаев аудандық пошта бөлімшесіне көтергіш кран орнатылғанымен, ол қазір жұмыс істемей тұр. Мекеменің кіреберісі де жаңғыртылмаған. Мұндай олқылықтар Аққайың, Тайынша аудандарында да орын алған.

Мониторингтік топтың ұсыныстары орындалмаған жағдайда талапты ескермегендерге қатаң шаралар қолданылады. Жоспардан тыс рейдтер жүргізіліп, кемшіліктер қайталанса, жауапты тұлғаларға 145 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейін айыппұл салынатын болады.

Ілияс САБДИНОВ,

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp