«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Киелі жерлер мекені

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жамбыл ауданы аумағында орналасқан жер жәннаты іс­петтес “Гүлтөбе-Маманай” қо­нысында есімдері елімізге әй­гілі небір от ауызды, орақ тіл­ді шешендер, қалың қол бас­тап, жауына атой салған ер­жүрек батырлар, арқалы ақындар, қаламы жүйрік жазу­шылар дүниеге келген.

Ашамайлы Керей руынан та­рай­тын Толыбай Дәуленұлы қол­басшы, балуан, құралайды көзге ат­қан мерген, болашақты бол­жай­тын көреген болған.

Жұртшылық Қожаберген жы­рау­ды ақын, сазгер, күйші, атақты баһадүр, бас қолбасшы, сардар ретінде ардақ тұтады. “Жеті жар­ғы” заңын шығаруға қатысқан жы­рау артына “Баба тілі”, “Ер Қосай”, “Асан ата”, “Қорқыт баба” секілді өлмес шығармашылық мұра қал­дырған. “Елім-ай” дастаны – “Ақ­табан шұбырынды, Алқакөл сұ­лама” зар заманының әнұраны саналады. Бейіт басына мазар 2001 жылы тұрғызылған.

“Сал-серілердің атасы” атан­ған Мұхамедқанапия (Сегіз сері) Баhрамұлы – ірі тарихи тұлға­лардың бірі. Қызылжар медіре­се­сінде, Омбының тілмаштар даяр­лайтын Азия мектебінде бі­лім алған. Ол – “Ақбұлақ”, “Жы­лой”, “Гау­һартас”, “Ғайни”, “Әй­кен-ай”, “Ақбақай” сияқты халық арасына кеңінен таралған әндер­дің, “Ай­ман-Шолпан”, “Қыз Жібек” эпика­лық дастандарының ав­торы.

Қалың оқырман шығармала­рын сүйіп оқитын қара сөздің ше­берлері Сәбит Мұқанов, Ғабит Мү­сірепов, Иван Шухов, Сафуан Шай­мерденов – осы ауданның ту­малары.

Толыбай қорымына атақты ат сы­ншысынан бөлек балалары Қо­жаберген, Қарабас, кейінгі ұрпақ­тары Асқап, Көшек, Шақшақ, Баh­рам, Жанкісі, Салғара, Дәстем сал, Маманай, тағы басқа көр­некті тұлғалар жерленген.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp