«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қарттарға қамқорлық жасайық!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

1990 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Содан бергі уақытта біздің елімізде жыл сайын “Қарияларға қамқорлық, жақсылық пен мейірім” айлығын ұйымдастыру дәстүрге айналған. Халқымыз қай кезеңде болмасын үлкенді сыйлап, ақылын тыңдаған, аға буынның алдынан кесе көлденең өтпеген. Елімізде қарт адамдарға деген қамқорлық жыл сайын артып келеді. Мемлекет оларға көрсетілетін көмек көлемін, тіпті экономикалық дағдарыс кезінде де тоқтатқан емес.

Зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерлерін көбейтуге байланысты қабылданған шаралар Қазақстанды ТМД елдерінің арасындағы жоғарғы зейнетақы төлеу деңгейіне көтерді. Дегенмен елімізде әлі де болса әлеуметтік көмекке мұқтаж егде адамдар да бар. Әлемді жайлаған пандемия біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Бүкіл әлем күрделі әрі маңызды кезеңді бастан өткізуде.

Жасы ұлғайған шағында кейбір қариялар жылулық пен мейірімге, көмекке зәру. Сондықтан да барлық қазақстандықтарды, жұмыс берушілерді, бизнес құрылым өкілдерін, жүрегі жомарт ізгі ниетті жандарды аға буынның ел игілігіне қосқан еселі еңбегін ұмытпауға, ардагерлерімізге қамқорлық көрсетуге, қолдауға шақырамыз!

Ол үшін өздеріңіз тұратын өңірдегі жергілікті әкімдіктермен, ардагерлер ұйымдарымен байланыста болып, көмекке зәру, егде адамдарға материалдық және моральдық жағынан көмек беруге өз үлестеріңізді қосады деп сенеміз.

“Ардагерлер ұйымы” республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp