АЛАШ ИДЕЯСЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК МҰРАТЫ
Қанша зерттелді десек де, қазақ тарихының “ақтаңдақ” тұстары әлі көп. Ол жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласында: “Тарихымыздың осы ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келеді. Тіпті ғалымдардың арасында ашаршылық құрбандарының нақты саны туралы ортақ пайым жоқ. Ала-құла деректер және оның себеп-салдары жайлы әртүрлі көзқарастар қоғамды адастырады. Тиісті тарихи құжаттарды, жиналған …