«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Имандылық үйі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есіл ауданына қарасты Қарағаш ауылында намазхана салынуда. Имандылыққа бет бұрған елді мекен тұрғындары ғибадат үйінің бой көтеруіне өздері атсалысуда. 

Жалпы Қарағаш ауылында алғашқы мешіт сонау ХVIII ғасырда салынған екен. Құлшылық үйін тұрғызған Ақшабай деген кісі. Дәулеті тасыған бабамыз 40 шақты ағайын-туысымен бірге осы жерді қоныс етіп, Қарағаш деп атап кеткен. Ол кісінің өз кіндігінен 8 ұл, 7 қыз өрбіген.

Ақшабай жас кезінде татар медресесінде сауат ашыпты. Бірақ татар-башқұрт молдалары берген білімге көңілі толмайды. Бұл оның отбасын құрған шағы болса керек, дүние-мүлкі мен бар малын балаларына тастап, Стамбұл мен Мекке асып кетеді. Сол жерлерде 5 жыл жүріп, араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген. Осылайша мал мен жанға ие болуды балаларына жүктеп, өзі дін жолына бет бұрған. Ел билеген балаларына ағайынның бірлігі мен тірлігіне ерекше назар аударуды тапсырып отырған. Перзенттерінің білім алуына да ерекше көңіл бөліп, 2 ұлы мен 2 қызын Стамбулда діни оқуға берген деседі. Онымен де шектелмей қазіргі Қарағаш ауылының аумағында 100 жылқысын сатып, мешіт салған. 

Еліміз егемендік алғаннан кейін асыл дініміз ортамызға қайта оралды ғой. Бүгіндері шағын елді мекендердің өзінде мешіттер бой көтеріп, молдалар қауымы жастармен толығуда. Соған шүкір дейміз.

Біз қызыл қырғынның кесірінен діни оқу оқи ал-мадық. Жасы үлкен ағаларымыздан намазды қа-риялардың бастары бәлеге қалмауы үшін терезелерін бітеп, қақпа мен есікті бекітіп қойып оқитындары жайлы естіп өстік. Діннің жолы жеңіл емес екенін бір кісідей білеміз. Шыны керек, қазіргі молда-имамдардың кейбір қылықтарына көңілім толмайтын жайттар да кездеседі. Олардың бір­қатары жаттап алған бірнеше аят пен хадиске арқа сүйеп, өздерін ғалыммын деп елден ерекшелеп жатады. Ауыл мешіттеріне имам болып келген шала молдалардың “жалақымды өсіріңдер” деп жұрттан жылу жинағанын талай мәрте көргенбіз. Жамағатты бай-кедей деп бөлетіндердің арасында осындай сауаты аз, ұлттық тәрбиеден жұрдай имамдар бар. Мұндай адамдар өлім-жітімде байлардың алдында құрдай жорғалайды. Кедейге олай емес, шікірейіп шекесінен қарайды. Сондықтан оқыған-тоқығаны шамалы адамдарды молдалықтан аластату керек деп ойлаймын.

Ал жақсылыққа бастап, халықты имандылыққа уағыздап, намазхана тұрғызып жатқан жастарымызға алғысымыз шексіз.

Рахмет ЖҰСЫПОВ,

Қызылжар ауданының тұрғыны. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp