«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҚО-да 48 га астам орманды алқап жойылып, кен игеру орнына айналмақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданында 48 га астам орманды алқап жойылып, жер қалайы кенін игеретін компанияға берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің мәліметінше, «Tin One Mining» АҚ құрамында қалайы бар кен орнын игеруге құқығы бар отандық инвестор. Компания жұмыс істеп жатқан Айыртау ауданындағы «Сырымбет» кен орны Имантау-Шалқар курорттық аймағына кірмейді. Ол Сырымбет ауылынан 15 шақырым, Саумалкөлден 25 шақырым жерде орналасқан. Кен орны аумағының шамамен 48,5 га жерін орманды алқап алып жатыр. Мұнда 3 мың текше метр ағаш бар. Басым бөлігі – қайың.


«Салыстыру үшін айтсақ, СҚО-да жылына 350 мың текше метр қайың отын үшін дайындалады. Ал орман қорының жерін «Tin One Mining» АҚ беру компанияны орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу бойынша бюджетке төлемдер жасаудан басқа, жойылатын учаске ауданынан екі есе мөлшерде, яғни 97 гектар алқапқа ағаш отырғызуды міндеттейді», – дейді СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Садықов.

Тау-кен металлургия комбинатын салу нәтижесінде қалайы өндіріліп қана қоймай, терең өңделетін де болады. Яғни кәсіпорын өнім шығару бойынша толық циклды қамтиды. Жылына орта есеппен 2,5 млн тонна кен өндірілмек. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан әлемдегі ең ірі қалайы өндірушілердің ондығына кіруге мүмкіндік алады.

 «Сырымбет» кен орнына жұмсалатын инвестициялардың жалпы көлемі – 130 млрд теңгеден астам. Бұл – облыс және жалпы еліміздің экономикасына құйылатын жеке инвестициялар. Негізінен жергілікті тұрғындарды тарту есебінен 600 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Жыл сайын шамамен 5 млрд теңгеге жуық салық аударымдары жасалмақ. Бұл қаражат өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталады», – дейді Нұржан Садықов.

 Жоба іске асырыла бастағалы 18 млрд теңгеден астам инвестиция құйылып, 500 млн теңгеден астам салық аударымдары жасалған.


https://www.inform.kz/

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp