Петропавлда “Туберкулез, АИТВ, КОВИД ауруларына қарсы үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру” атты конференция өтті.
Облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып, дерттің таралу көрсеткіші төмендеуде. Соңғы 10 жылда өңірімізде туберкулезге шалдыққандардың қатары азайған. Бұған туберкулезді бақылау стратегиясының іске асырылғаны сеп болуда. Соған сәйкес ту-беркулез микобактерияларын бөл-мейтін және айналасындағыларға қауіп төндірмейтін науқастар тұрғылықты жері бойынша емханаларда амбулаториялық ем ала алады. Үстіміздегі жылдың наурыз айында қаламыздағы төрт емханада туберкулезге қарсы кабинеттер ашылды. 250 төсек-орынға шақталған фтизиопульмонология орталығы, сондай-ақ 17 тубкабинет жұмыс істеуде. Үстіміздегі жылғы бірінші маусымда Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаево қаласында бронх-өкпе патологиясы және постковидті синдромы бар науқастарға арналған 30 орындық оңалту бөлімшесі өз жұмысын бастады.
Өңірімізде туберкулезді ерте анықтау үшін халықаралық стандарттарға сай диагностиканың заманауи әдістері қолданылады. Бүгінде 44 флюорограф, оның ішінде 15 жылжымалы, аудандарда 12 бактериоскопиялық және бір бактериологиялық зертхана жұмыс істеп тұр. Балаларға туберкулин диагностикасын жүргізу үшін мамандар даярлануда. Жыл басынан бері флюорографиялық тексеруден 264364 адам өткен. Олардың қатарынан туберкулезбен ауыратын 101 науқас анықталды.
Конференцияда мамандар қауіпті дерттермен күрес алдағы уақытта да жалғаса беретінін айтты.
Рабиға Ералы,
“Soltüstık Qazaqstan”.