«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСЕПКЕ АЛУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан мемле­кет­тік мүлік және жекешелендіру департаменті жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (алынған) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, баға­лаудың және одан әрi пайдалану­дың мәселелерiн Қазақстан Рес­пуб­ликасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген Ережеге  сәйкес жүзеге асырады.

Мемлекет меншігіне алынған мүлік сот актілері, нотариус бер­ген мемлекеттің мұрагерлік құ­қығы туралы куәліктер, кедендік декларациялау аяқталғаннан ке­йін мемлекет пайдасына бас тар­тудың кедендік рәсіміне сәй­кес мәлімделген тауарларға арнал­ған декларация, мемлекеттік мен­шіктің пайда болуын растайтын басқа құжаттар негізінде тірке­леді.

Мемлекет меншігіне айналды­рылған (алынған) мүлікті қабыл­дау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін сот орын­даушылары немесе мүлікті алып қойған (тапсырған) органдар (тұл­ғалар) департаментке мүлікті бе­ру күні, орны мен уақыты тура­лы жазбаша түрде хабарлайды. Құ­жаттардың көшірмелерін  (ат­қару парағы, сот бұйрығы, сот үкі­мі, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, тауарларға декларация­лар және мемлекеттің меншігін растайтын басқа да құжаттар) ке­мінде бес жұмыс күн ішінде жол­дауы тиіс.

Мемлекеттік қызметкерлердің немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтын басқа адамдардың алған сый­лықтары сыйлықты алған күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде департаментке өтеусіз беру ар­қы­лы мемлекетке сыйлықтар болып саналады және мемлекет­тік меншікке алынады. Мемлекет­тік қызметкер алынған сыйлықты тапсырған кезде жазбаша сатып алудан бас тарту туралы хабар­ламаны қоса береді.

Сыйлықты тапсырған адам жоғары тұрған лауазымды адам­ның келісімімен оны сатып алуға құқылы. Сатып алу – сату шарты  сыйлықты алған адамнан хабар­ла­ма алған күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде жүзеге асы­рылады. Сыйлықтан бас тартқан жағдайда ол сатылады.

Мүлікті департаментке беру мүлікті түгендеу, бағалау және мүлікті қабылдау-тапсыру актісін дайындаумен және мүлікті сақтау мен тасымалдау бойынша қыз­мет көрсетушілердің қатысуымен жүзеге асырылады.

Үстіміздегі жылдың тоғыз айында департаментке 50218 мү­лік келіп түсті, оның ішінде құра­мында алкоголь бар өнімдер 45923 литр және 2827 бөтелке алкогольдік сусындар (құны 82569554 теңге), 1400 кг. қара металл сынықтары ( құны 81900 теңге) , 52 дана ұялы телефон, ноутбук, тұтыну тауарлары (құны 1368158 теңге) және т.б.,  соны­мен қатар Ресей Федерациясын­да тіркелген 11 бірлік автокөлік (құны 14517505 теңге), 5 дана 2 сый­лық (бағалық құны 10414 тең­ге) болды.

Оксана ШАЙМАРДАНОВА,

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікпен жұмыс  бөлімінің бас маманы.                                        

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp