«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСҚАҚТАҒАН ӘН, КҮМБІРЛЕГЕН КҮЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы облыстық филармония өзінің елу жетінші концерттік маусымының шымылдығын түріп, көрермен қауымға жаңа бағдарлама ұсынды. 

Жаңа маусым жиналған өнерсүйер қауымды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған әртүрлі бағыттағы туындылармен қуантты. Шығармашылық ұжымдар бұл маусымда патриоттық сарындағы ән-күйлерге басымдық берген. Концерттік бағдарламаға халықаралық және республикалық байқаулардың  лауреаттары: “Туған жер”, “Мәңгілік ел”,  “Әдемі-ау” би ансамбльдері, Сегіз сері атындағы Қазақ халық аспаптары оркестрі, “Belcanto” ішекті квартері, “Әлқисса” әнсамблі, “Melomix” тобы, сондай-ақ филармонияның жеке орындаушылары қатысты. Өнерпаздар бар өнерлерін ортаға салып, тыңдармандардың көңіл күйлерін көтеруге тырысты. Ас-қақтата шырқалған ән мен өмір құбылыстарын көз алдыңа әкелген күмбірлі күй қызылжарлық жұртшылыққа ләззат сыйлады.

 Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

 “Soltüstık Qazaqstan”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp