«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАУЫЗҒА – ЖАЗА ҚАТАЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот әйелін өлтіріп, қызы мен 12 жасар жиеніне қастандық жасаған ер адамға үкім шығарды.

Оқиға биыл 10 мамырда Тимирязев ауданында болған еді. Сағат 17.00-дер шамасында аудандық полиция бөліміне Тимирязеводағы үйлердің бірінен атылған оқтың дауысы естілгені туралы қоңырау түскен. Полицейлер үйден әйелдің өлі денесін тапты. Сондай-ақ оқ жарақатын алған қыз бала бірден Тимирязев аудандық ауруханасына жеткізілді.

Кейін белгілі болғаны, ерлі-зайыптының мерекелік отырысы жанжалмен аяқталып, әйел қызының үйіне кетіп қалған. Мас ер адам әйелін үйіне қайтармақ болады, бірақ жанжал қайта өршіп, ол мылтық пен пневматикалық тапаншаны пайдаланып, әйелін атып тастайды. Кейін қылмысты жасыру үшін жиенін және оның анасын өлтірмек болады.

58 жастағы Юрий Глушков әйелін басынан және кеудесінен атады. Жиеніне қастандық жасап, оларды да жаралайды. 12 жасар қыз басын қолымен жауып, соның нәтижесінде аман қалды. Сотта ер адам “Мен оларды өлтіргім келген жоқ, тек қорқытпақ болдым”, – деп өзін ақтап алмақ болды.

Сотталушының қылмысты мас күйде және қаруды қолдана отырып жасауы оның жазасын ауырлата түсті.

Сот қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша ер адамға 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp