«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Зардап шеккендер жоқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда сенбі күні кондитерлік цех отқа оранды. Абырой болғанда зардап шеккендер тіркелген жоқ. Дегенмен қызыл жалын кәсіпорын шатырының 450 шаршы метрін шарпыған.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт жайлы ақпарат құтқару қызметінің 101 нөміріне сағат 17.40 шамасында түсті. Оқиға орнына “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі” бөлімшесінің қызметкерлері жөнелтілді. Қызыл жалынды ауыздықтауға 16 техника тартылып, 43 құтқарушы жұмылдырылды. Тілсіз жау толыққанды сағат 18.46 минутта өшірілді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp