«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұрланған 6 автокөлік табылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл тұрғындарынан шетелде іздеуде жүрген 6 көлік табылып, тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір тұрғындарының көпшілігі бағасының арзандығына қызығып, шетелде тіркелген көліктерді сатып алуға басымдық береді. Алайда олар қиындыққа тап болуы мүмкін. Құжаттардың түпнұсқасын тексеру мүмкін болмаған жағдайда көліктің айдап әкетілгені немесе шектеу қойылғаны жайлы анықтау мүмкін емес. Салдарынан қазақстандық қылмыстық қуадалаудың нысанына айналып, көлік құралынан айырылуы мүмкін.

Жыл басынан Петропавл аумағында Ресейде іздеу жарияланған 6 автомобиль анықталды. Олардың барлығы айып тұрағына қойылды және қажетті процедуралар аяқталған соң шетелге қайтарылады. Сенімхат немесе сақтандыру бойынша көліктерді пайдаланған адамдарға бұл жағдайда ешқандай өтемақы төленбейді.

«Шетелде тіркелген көліктерді тіркеу құжаттарында көрсетілген адамдардан ғана сатып алу керек, автокөлік жайлы толық мәлімет алған дұрыс. Сатып алатын көліктерді тіркелген елден есептен шығаруға және оларды Қазақстан Республикасының өкілетті органдарына тіркеуге кеңес береміз, ел аумағында сақтандыруды ресімдеуді ұмытпаған жөн», – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

https://www.inform.kz/

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp