«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңір полициясында 600-ге жуық әйел-офицер қызмет атқарады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында 2 мыңнан астам полиция қызметкері болса, соның 600-ге жуығы офицер-әйелдер, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде құқықтық тәртіпті сақтауда әйел-офицерлер ер азаматтармен қатар қызмет атқарады. Полиция департаментінде 583 әйел-офицер бар, оның 373-і аттестатталған қызметкер болса, 195-і – ерікті жалдамалы, қалғандары – әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер. Олардың көбі әйелдерге тән табандылық, назар аудару, сезімталдық сынды қасиеттер талап етілетін тергеу бөліністеріне, ювеналдық полицияда, криминалистика және басқа да қызметтерде еңбек етеді.

«Әйелдер еңбек жолын қатардағы қызметкерден бастап, басшы лауазымына дейін көтеріледі. Қыз-келіншектер мамандықты таңдай отырып, оның қиындығына мойымай, үлкен жауапкершілікпен қызмет атқарады», – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Қапез Дәулетбаев.
Полиция департаментінде бірнеше жылдан бер Әйелдер кеңесі жұмыс істейді. Оның өкілдері қайырымдылық шараларына қатысып, көмекке мұқтаж адамдарға барып, қолдау көрсетеді. Мысалы, қарттар күнін мерекелеу аясында Әйелдер кеңесі «мейірімділік пен құрмет күні» акциясын өткізді. Полиция қызметкерлері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің екі жесіріне, ішкі істер органдарының ардагерлеріне, он бір тыл еңбеккеріне және бес мүгедекке көмек көрсетті. Оларға азық-түлік салынған пакеттер табысталып, шаруашылығына көмек көрсетілді. Қамқорлыққа алынған адамдардың денсаулығын тексеру үшін полицейлермен бірге ведомствоның емханасы бар госпиталь қызметкерлері де барып қайтты.

https://www.inform.kz/

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp