«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.10.2021

ШҰҒЫЛА

Бүгінде ауданымызда қос шаруашылықтың тізгінін қатар ұстап, ата кәсіпті дөңгелетіп отырғандар  аз емес.  Олар бір жағынан ауылдың ажарын келтірсе, екінші жағынан екі қолға бір күрек таппай жүрген жергілікті тұрғындарға жұмыс тауып беруде. Солардың бірі – Мамлют ауданындағы Меңгесер ауылында қоныс тепкен «Мамбетов және К» командиттік серіктестігі. Еркебұлан Мәмбетов басшылық ететін шаруа қожалығындағы асыл тұқымды сиырлар …

ШҰҒЫЛА Read More »

АУДАН АЖАРЫ – АЙШЫҚТЫ ІСТЕР

Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Жас мемлекетіміз бүгінде қарышты дамып келеді. Қазақстанның жеткен жетістіктері мен бағындырған белестерін Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатынан, жасампаздық еңбегінен бөле қарауға болмайды, әрине. Елбасымыздың тарихи сәтте ұтымды шешім қабылдай білгендігінің нәтижесінде бүгінгідей әлеуеті асқан елге айналдық. Тоқсаныншы жылдардағы тоқыраудың салқынын Мамлют халқы да басынан өткерді. Алайда аудан …

АУДАН АЖАРЫ – АЙШЫҚТЫ ІСТЕР Read More »

ҚАСТЕРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚ

Адам өмірде небір қиындықтарды басынан өткізеді ғой. Бір байқағаным, жоқшылықтың, жетіспеушіліктің азабын ел болып тартқаннан артық азап жоқ екен. Шыны керек, кешегі саясаты озбыр, қанауы қатты Кеңес одағынан жеке отау болып шыққан бізге әлемнің барша мемлекеті сын көзбен назар тікті. “Қайтер екен?” деп апыл-тапыл басқан қадамын қадағалап тұрды. Біз сол кезде Тәуелсіздіктің алтыннан да қымбат, …

ҚАСТЕРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚ Read More »

Ауыл жанашыры

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында туған жерлеріне қол ұшын созуды мақсат тұтқан азаматтардың қатары қалыңдап келеді. Солардың бірі, облыстық мәслихаттың депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі Бақыт Құсайынов.

Сақшыларға – су жаңа көлік

Солтүстікқазақстандық полиция автопаркі 30 қызметтік автокөлікпен толықты. «Hyundai Elantra» маркалы  «темір тұлпарлар» қыс қарсаңында облыс орталығы көшелерінде және  қала сыртындағы жолдарда құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шығады.    

Өрт оқиғалары азаяр емес

Жыл басынан бері Қызылжар ауданында 71 өрт оқиғасы тіркелді. Олардың  басым бөлігі, яғни 68 пайызы жеке тұрғын үй секторында орын алды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

Петропавлда еңбек күші артық өңірлер мен басқа мемлекеттерден облысымызға қоныс аударған қандастарымызды қолдау мақсатында ақпараттық-кеңес орталығы ашылды. Бұл игі істің жүзеге асырылуына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйытқы болды. 

Дертке шалдыққандар қайта көбейді

12 қазан күні облыста 8 адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл – пандемия басталғалы өңірде тіркелген антирекорд. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы 10 күннің ішінде 34 сырқат қауіпті инфекциядан көз жұмған. 

“ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ, ҚАЙЫРЫН ӨЗІҢ КӨРЕСІҢ”

“ Қазақстанның Қызыл жарты ай” қоғамы облыстық  филиалының  директоры Сәуле Оразова саналы ғұмырының отыз бес жылға жуығын қайырымдылыққа арнап келеді. Оның еңбегі елеусіз қалған жоқ. Сәуле Бекқожақызы “Шапағат” медалімен, “Қызыл Ай ардагері” белгісімен марапатталған.  Ізгілік жасауды өмірінің мәні деп білетін онымен әңгімелескен едік.

“Жыл волонтері” халықаралық сыйлығы

Қазақстан Республикасының  Ақпарат және қоғамдық  даму министрлігі  “Жыл волонтері” халықаралық сыйлығын тағайындауға арналған конкурс өткізеді. Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан еріктілер мен еріктілер тобын, отандық және халықаралық ұйымдарды көтермелеуге бағытталған.

Өндіріледі әрі өңделеді

Айыртау ауданындағы 48,5 гектар орманды алқап жойылып, жер қалайы кенін игеретін компанияға берілмек. Облыстық әкімдік мамандарының  мәліметінше, бұл жұмысты қолға алуды көздеп отырған “Tin One Mining” акционерлік қоғамы қалайы кен орнын игеруге құқығы бар отандық инвестор. Кен орны Сырымбет ауылының шығысынан 15, Саумалкөлдің солтүстігінен 25 шақырым жерде орналасқан. Оның аумағының шамамен 48,5 гектар жерін орманды …

Өндіріледі әрі өңделеді Read More »

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАЛАРҒА – АЙРЫҚША БАСЫМДЫҚ

Мен “Nur Otan” партиясының  облыстық  филиалынан сайланған депутат болғандықтан, еліміздегі ең ірі, жетекші саяси ұйымның саяси-экономикалық реформаларының  жүзеге асуына белсене атсалысып, өз үлесімді қосуға мүдделімін. Қазақстанның қол жеткізген табыстары мен жетістіктері нақ осы партияның қызметімен тікелей байланысты екенін солтүстікқазақстандықтар да жақсы біледі. 1999 жылы негізі қаланғаннан бері партияның Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен сайлауалды бағдарламалар дәйектілікпен …

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАЛАРҒА – АЙРЫҚША БАСЫМДЫҚ Read More »

Жалған ақпарат берген

Петропавл қалалық соты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша алаяқтық фактісі үшін облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне жаза кесті. 

Алексей – жарыс жеңімпазы

Италияда өткен “Коппа Агостони” бір күндік жарысында қазақстандық велошабандоз жеңімпаз атанды. “Астана” командасының көшбасшысы Алексей Луценко 180 шақырымдық қашықтықта үздік нәтиже көрсетті.

ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің “Серпін” бағдарламасы бойынша білім алып жүрген студенттері Назарбаев университетінің “Living Lab” жобасы бойынша грант иегерлері атанды.