«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сақшыларға – су жаңа көлік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстікқазақстандық полиция автопаркі 30 қызметтік автокөлікпен толықты. «Hyundai Elantra» маркалы  «темір тұлпарлар» қыс қарсаңында облыс орталығы көшелерінде және  қала сыртындағы жолдарда құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шығады.    

Облыс   әкімі Құмар Ақсақалов тәртіп сақшыларымен кездесіп, олардың жұмысына оң баға берді. Өңірімізде соңғы жылдары тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар санының төмендегені байқалады: мәселен, 2017 жылдың 9  айында облысымызда 5617 құқық бұзушылық тіркелсе, 2021 жылдың 9 айында олардың саны – 3722-ге азайған.  

Жаңа автокөліктердің басым бөлігі патрульдік полиция батальонына беріледі. Өйткені кез келген уақытта жол-көлік оқиғалары орнына және басқа да шақыртуларға алғашқылардың бірі болып келетіндер дәл осы қызмет өкілдері. Облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала сыртындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 1347 шақырым жолға шығып, қызмет көрсетеді. Жыл басынан олар  елді мекендерден алыс трассаларда көліктері істен шыққан 50-ден астам жүргізуші  мен жолаушыға көмек көрсетті.

Жалпы, жыл басынан солтүстікқазақстандық полицияның автопаркі 127 жаңа автокөлікпен толықты.

Сағындық МАУҒАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp