«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда еңбек күші артық өңірлер мен басқа мемлекеттерден облысымызға қоныс аударған қандастарымызды қолдау мақсатында ақпараттық-кеңес орталығы ашылды. Бұл игі істің жүзеге асырылуына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйытқы болды. 

“Ақпараттық-кеңес орталығында жеті адам қызмет етеді. Олардың екеуі колл-орталықта телефон қоңырауларына жауап беріп, қажетті ақпараттар бөлісіп, өтініш иелерін бөлім мамандарымен байланыстырады. Бұдан бөлек, аудандарға шығып,  қандастарымызбен, оңтүстік өңірлерден келген азаматтармен кездесулер ұйымдастырамыз”, – дейді орталықтың менеджері Жанат Мұхамеджанов.

Облыс әкімінің көші-қон мәселелері бойынша кеңесшісі Әбдіғани Бәзілханұлы бұл орталық өңірімізге қоныс аударғандар үшін үлкен қолдау болатынын айтты. “Облысымызға соңғы 5 жылда 10 мыңға жуық адам көшіп келді. Қоғамда қоныс аударғандардың жағдайы жайлы түрлі алып-қашпа әңгімелер айтылуда. Түсінбеушіліктердің көбі ақапараттың дұрыс берілмеуінен болады. Орталық қоғамдағы осындай олқылықтарды жоюды көздейді”, – дейді ол.

Ақпараттық-кеңес орталығының мамандары алдағы уақытта Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарына барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізбек.

Сағындық МАУҒАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp