«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің “Серпін” бағдарламасы бойынша білім алып жүрген студенттері Назарбаев университетінің “Living Lab” жобасы бойынша грант иегерлері атанды.

Енді олар еңселі оқу ордасының тұрақты даму кеңсесімен және “Шеврон” компаниясымен бірлесіп, озық жоба аясында өз ізденістерін жалғастыратын болады. Әр жобаға 400 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген. Бұл қаражат жабдықтар мен қоспаларды сатып алуға және өнімдерді қаптауға жұмса-лады.

Төртінші курс студенті Ақтоты Сайлаубай сайысқа қатысу үшін “Екінші реттік шикізаттан толықтырғыштармен байытылған сусын жасау технологиясы” атты тақырыпты таңдап, 2 ай бойы еңбектенген.

“Бүгінде амин қышқылдарына бай, биологиялық белсенді заттары бар сусындарға сұраныс жоғары. Бұл өнімнің құрамында анар және апельсин жемістері болғандықтан, адам ағзасына өте пайдалы. Сондай-ақ қарапайым сарысудан жасалған сусын асқазан, ішек жолдарын тазартады.

Жобалардың бірін агротехнологиялық факультеттің 4 курс студенті Сымбат Сейтқасымова әзірлеген. Оны табиғи құрамды шоколадты паста өнімін жасау жайы қызықтырған. Құрамында табиғи какао мен шоколад ерітіндісі бар шикізатты қолдана отырып, аз шығынмен өндіру жағы қарастырылған. Ол 2 курстан бастап ғылыми жұмыстармен айналысып келеді. Талапкер алдағы уақытта өз өнімдерін патенттеп, өндірісте қолданбақ.

Диана ХАЛИМОВА,

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті жанындағы медиахолдингтің бас редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp