«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дертке шалдыққандар қайта көбейді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

12 қазан күні облыста 8 адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл – пандемия басталғалы өңірде тіркелген антирекорд. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы 10 күннің ішінде 34 сырқат қауіпті инфекциядан көз жұмған. 

Өткен тәулікте 136 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталды. Осылайша өңірде ауырғандар саны 25954-ке жетті. Жұқтырғандар санының артуына байланысты инфекциялық стационарлардағы орын саны 1200-ден 1600-ге дейін көбейтілді. Қазіргі уақытта мұнда 706 адам ем алып жатыр. Жалпы 2607 адам дәрігерлердің бақылауында. Олардың 706-сы инфекциялық стационарда жатыр, ал жансақтау бөлімшелерінде 51 сырқат бар.

Індет басталғалы өңірде 556 жүкті әйел коронавирус жұқтырды. Бүгінде 545-і тәуір болса, қалған 11-і ем алып жатыр. Жағдайы орта дәрежедегі  5 әйел стационарға орналастырылған. Сырқаттанған жүкті әйелдердің  88-інің ауруы ушығып, өкпелері қабынған. Қазір олардың барлығының жағдайлары жақсы.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp