«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жалған ақпарат берген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қалалық соты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша алаяқтық фактісі үшін облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне жаза кесті. 

Заңды өрескел бұзғандар жол қозғалысы ережесі талабын сақтамаған азаматқа жалған ақпарат беріп, алдау жолымен 150000 теңге қаражатты қалтаға басқан. Сот оларды 10 еселенген  мөлшерде айыппұл төлеуге міндеттеп, өмір бойы органда қызмет атқару құқығынан айырды.

Бұл сот процесін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық  департаментінің қызметкерлері онлайн-режімде бақылады. Превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулиннің айтуынша, департамент  мамандары бұдан былай сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істерге осы форматта қатысатын болады.

 Жан АЙТМАҒАМБЕТОВ,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің

баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp