«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оқытушылардың еңбекақысы өсті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жоғары оқу орындарында еңбек ететін профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысы ай­тарлықтай көбейді.

Жоғары білім беру сапасын арт­ты­рудың аса маңызды алғышарттары­ның бірі – осы сала қызметкерлерін лайықты еңбекақымен қамтамасыз ету. Осыған орай Білім және ғылым министрлігіне бағынышты  жоғары оқу орындарының профессорлары үшін жалақының ең төменгі мөлшері 200 мың теңге болды. Бұдан бөлек, оқу жүктемесінің жылдық мөлшері 680 са­ғаттан аспайды.

М. Қозыбаев атындағы СҚУ-да пе­да­гогикалық ұжымның жалақысы жыл сайын артып келеді. Мәселен, 2018 жылы – 68000 теңгеге, 2019 жылы – 90000 теңгеге, 2020 жылы 126360 тең­геге жетті. Биыл қыркүйек айынан бас­тап оның мөлшері 200000 теңгені құ­рап отыр. Мұндай әлеуметтік көтер­мелеу педагогикалық ұжымның жұ­мыс­­қа деген ынтасы мен ғылыми із­де­ністерін одан әрі арттыратыны сөз­сіз.

“Жалақыны көтеру тәжірибесінің жас ғалымдар үшін жағымды тұстары көп. Жасыратыны жоқ, нөлдік емес им­пакт факторы бар халықаралық басылымдарда мақалаларды жариялау өте қымбат. Осындай қосымша қаржылық қолдаулар мен ынталандырулардың зерт­теулер жүргізуге, мақалаларды ше­тел­дік басылымдарға  жариялауға және әлемдік ғылыми қоғамдастықта уни­вер­си­теттің  брендін ілгерілетуге сеп­тігі өте зор”, – дейді жас ғалымдар ке­ңесінің төрағасы, PhD докторы Павел Петров.

Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

 “Soltüstık Qazaqstan”.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp