«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАНҒАН КӨЛІКТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бірқатар азаматтар бағасының арзандығына қызығып, шетелде тіркелген көліктерді сатып алуға тырысады.

 Алайда олар соңында қиындыққа тап болуы мүмкін екенін ойламайды. Құжаттардың түпнұсқасын тексеру мүмкін болмаған жағдайда көліктің  айдап әкетілгені  немесе шектеу қойылғаны жайлы анықтау мүмкін емес. Соның  салдарынан олар қылмыстық  қудалаудың нысанына айналып, көлік құралынан айырылуы мүмкін.

Жыл басынан бері облыс  аумағында Ресейде іздеу жарияланған алты автомобиль анықталды. Олардың  барлығы айып тұрағына қойылды және қажетті  тексерістер жүргізілген соң шетелге қайтарылады. Сенімхат немесе сақтандыру полисі бойынша көліктерді пайдаланған адамдарға бұл жағдайда ешқандай өтемақы төленбейді. “Шетелде тіркелген көліктерді тіркеу құжаттарында көрсетілген адамдардан ғана сатып алу керек, автокөлік  жайлы толық  мәлімет алған дұрыс. Сатып алатын көліктерді тіркелген елден есептен шығаруға және оларды Қазақстан Республикасының өкілетті органдарына тіркеуге кеңес береміз, ел аумағында сақтандыруды ресімдеуді ұмытпаған жөн”, – дейді облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар

бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp