«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өндіріледі әрі өңделеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау ауданындағы 48,5 гектар орманды алқап жойылып, жер қалайы кенін игеретін компанияға берілмек. Облыстық әкімдік мамандарының  мәліметінше, бұл жұмысты қолға алуды көздеп отырған “Tin One Mining” акционерлік қоғамы қалайы кен орнын игеруге құқығы бар отандық инвестор. Кен орны Сырымбет ауылының шығысынан 15, Саумалкөлдің солтүстігінен 25 шақырым жерде орналасқан. Оның аумағының шамамен 48,5 гектар жерін орманды алқап алып жатыр. Мұнда 3 мың текше метр ағаш бар. Басым бөлігі – қайың.

“Өңірімізде жылына 350 мың текше метр қайың отын үшін дайындалады. Орман қорының жерін “Tin One Mining” акционерлік қоғамына беру компанияны орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу бойынша бюджетке төлемдер жасаудан басқа, жойылатын учаске ауданынан екі есе мөлшерде, яғни 97 гектар алқапқа ағаш отырғызуды міндеттейді”, – дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Садықов.

Тау-кен металлургия комбинатын салу нәтижесінде қалайы өндіріліп қана қоймай, терең өңделетін де болады. Яғни, кәсіпорын өнім шығару бойынша толық циклды қамтиды. Жылына орта есеппен 2,5 млн. тонна кен өндрілмек. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан әлемдегі ең ірі қалайы өндірушілердің ондығына кіруге мүмкіндік алады.

Жоба іске асырыла бастағалы 18 млрд. теңгеден астам инвестиция құйылып, 500 млн. теңге салық аударымдары жасалған.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp