«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өрт оқиғалары азаяр емес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері Қызылжар ауданында 71 өрт оқиғасы тіркелді. Олардың  басым бөлігі, яғни 68 пайызы жеке тұрғын үй секторында орын алды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Қызылжар аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы Аслан Ахметжановтың айтуынша, соңғы өрт өткен аптада Новоникольск ауылында болды. Қызыл жалын елді мекендегі үйлердің бірінен шығып, 21 шаршы метр аумақты шарпыды. Салдарынан 83 жастағы зейнеткер қаза тапты.

– Өрт жайындағы хабар 101 пультіне сағат 18.02 минутта түсті. Оқиға орнына дереу құтқарушылар жіберілді. Отты ауыздықтауға жергілікті ауылдың тұрғындары да қатысты. Өкінішке қарай, 1938 жылы туған қарияны құтқара алмадық. Сараптама көрсеткендей, пештің мұржасы қызып кетіп, тілсіз жау жоғарыға көтерілген. Алдымен ол үйдің шатырын жалмап, кейін дәлізіне жеткен, – деді Аслан Ахметжанов.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, өрт оқиғаларының  ден і Бескөл ауылдық округінде тіркелді. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 тұрғын түрлі дене жарақатын алды. Жалпы қызыл жалынның тигізген материалдық шығыны 58 млн. теңгеден асты. Сондай-ақ брифингте облыстың су қоймаларында қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі туралы да айтылды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp