«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.10.2021

Үй өртенгенде кішкентай аэрозольдің өзі үлкен қауіп тудырады – өрт сөндірушімен сұхбат

Құтқарушылар күні. Күнделікті қызметтерінде өліммен бетпе-бет келіп, басқалардың өмірін құтқару үшін өз басын қатерге тігетін осы бір мамандық иелері қандай да құрметке лайық.  Мереке қарсаңында ҚазАқпарат тілшісі Петропавлдағы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру көліктерін жүргізуден аға нұсқаушы Мұрат Жүнісовпен сұхбаттасқан еді.

78 мектептің 142 сыныбы қашықтан оқуға жіберілді

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі аптаның ішінде 166 оқушы коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов өңірдегі коронавирусқа қатысты жағдайға тоқталды.

Эпиджағдай нашарлайтын болса, өңір толық локдаунға қайта оралмақ

Солтүстік Қазақстан облысында бір аптада коронавирусты жұқтырғандар саны 1,5 есе артты. Өңірде эпидемиологиялық жағдай әлі де нашарлайтын болса, өңір толық локдаунға көшуге мәжбүр болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дертке оқушылар шалдығуда

Өңірімізде соңғы екі аптаның ішінде 166 оқушы коронавирус ин­фекциясын жұқтырды. Бүгінгі таң­да 242 бала дәрігерлердің бақылауында болса, олардың 24-і ау­руханада ем алып жатыр. Бұл ту­ралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Скрипкашы жігіт

Музыканың құдіретін ұлы Абай атамыз: “Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй”, – деп қалай дөп басып айтқан. Әйгілі ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби болса “Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу”, депті. Музыкалық аспаптардың “патшасы” – скрипка саналады. Мамандар аспаптың бұл түрін бала кезден үйренуге кеңес береді.

Сұраныс көп, маман тапшы

Бүгінде жол құрылысы саласындағы жұмысшы мамандардың тапшылығы өзекті мәселеге айналып отыр. Жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінде ондаған шақырым жол салынып, қалпына келтіріліп жатқанымен, мұндай ауқымды істі жүзеге асыратын қарапайым мамандар жоқтың қасы. Осы мәселені шешу мақсатында осыдан бірер жыл бұрын республикамыздың барлық өңірінде “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” құрылған болатын.

ЖАС ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ – жайлы қоныс, жоғары жалақы

Манатовтар отбасы 2019 жылдың маусым айында отау құрып, тамызда Шымкент қаласынан Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылына келіп қоныстанған. Бүгінде бұл ауданда оңтүстік облыстардан қоныс ау-арған 36-ға жуық отбасы тұрады. 

Жақсылық жасау – жүректің ісі

Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың қанына сіңген қасиет. Біздің қоғамымызда қайырымдылық жасауды өмірлік ұстанымына айналдырған жастар аз емес. Оларға мемлекет тарапынан зор қолдаулар көрсетілуде. “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы еріктілерге түрлі гранттарды үлестіріп келеді. Нәтижесінде былтыр ел көлемінде 7 жалпыұлттық жоба іске қосылып, жүзеге асырыла бастады. Оның бірі – …

Жақсылық жасау – жүректің ісі Read More »

АЙДАРДЫҢ ТАҢДАУЫ

Болашағын жұмысшы мамандығымен байланыстырған жастарды көргенде өз басым қуанамын. Бұл мақаламыз “Петропавл жылу желілері” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің маманы Айдар Ысмайылов жайында болмақ.

Дау мұраты – бітім

Облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжановтың, облыс прокуроры  Бағбан Тайымбетовтың, полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаевтың және “Халықаралық медиация орталығы” республикалық қоғамдық бірлестігі “RPA IMC” президентінің өкілетті өкілі Алтын Бейсембаеваның қатысуымен өзара ынтымақтастықты нығайтудың төртжақты меморандумына қол қойылды.

Тиімді жобалар тізбесі

Облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілген 2024 жылға дейінгі жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асыру жоспарланған. 

БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Биыл өтіп жатқан халық санағына тұңғыш рет цифрлық технологиялар қолданылуда. 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында азаматтарға санақтан онлайн режімде өту мүмкіндігі ұсынылды. Облыс тұрғындарының 31 пайызынан астамы санақтан онлайн режімде өтті. 1 қазаннан бастап интервьюерлер үйлерді аралауға кірісті. Деректерді жинау кезінде қағаз тасымалдағыштары қолданылмайды.

«ҚЫЗЫЛЖАР» МЕШІТІНДЕ – ЖАҢА ИМАМ

Өңірімізге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы келді. Қадірлі мейман Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен кездесуге қатысты. Жиында жиналғандарға «Қызылжар» орталық мешітінің  бас имамы қызметін атқарған Кенжетай қажы Дүйсембайұлының жаңа лауазымға ауысуына байланысты  оның орнына келген жаңа өкіл имам таныстырылды.

Ауданның әлеуеті жоғары

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы – Новоишимка ауылында жылу қазандығының құрылысы жүргізілуде. Ол іске қосылғаннан кейін 70 көпқабатты тұрғын үй мен 50 әлеуметтік нысан орталық жылыту жүйесіне қосылады. Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

УАҚЫТ СЫНЫНДА ШЫҢДАЛҒАН

Туған еліміз биыл тәу етер Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Үш онжылдық тарихи өлшем бойынша аса ұзақ уақыт емес. Солай бола тұра, көзі ашық, кө­кірегі ояу отандастарымыз өткенге үңіліп, жылдар жылнамасын парақтаған сайын жемісті жетістік барын аңғарар еді. Ең алдымен, егемендікке қол жеткізгелі ел еңсесін тіктеді. Халықтың әл-ауқаты артып, тұрмысы түзелді. Қысқа мерзім аралығында әлеуметтік …

УАҚЫТ СЫНЫНДА ШЫҢДАЛҒАН Read More »