«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА — ЖАҢА СЕРПІН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Täuelsızdık music vibe bu Qyzeljar” жобасының таныстырылымы  өтті.

Биыл Қазақ елі Тәуелсіздіктің отыз жылдығын атап өтеді. Осынау ұлық мерекеге орай жержерлерде түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Осыған орай облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мамандары “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жаңа жобаны қолға алды. Бұл жобаның сәтті жүзеге асырылуына өңіріміздің талантты жастары мен өзге өңірлерде қызмет етіп жүрген дарынды жерлестеріміз атсалысуда.

Шарада алдын ала дайындалған 9 бейнеролик жиналғандардың назарына ұсынылды. Оларда өңіріміздің мәдениетін дамытуға атсалысқан тұлғалар мен олардың ізін басып келе жатқан жас өнерпаздар туралы сыр шертілген. 

– Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бұл жобаға Байғали Серкебаев, Самал Еслямова сынды талантты жерлестеріміз қатысуда. Жоба талантты жастардың дарынын ұштауды көздейді, – деді облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының шығармашылықты дамыту бөлімінің басшысы Данияр Маекенов.

Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

 “Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp