«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл өтіп жатқан халық санағына тұңғыш рет цифрлық технологиялар қолданылуда. 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында азаматтарға санақтан онлайн режімде өту мүмкіндігі ұсынылды. Облыс тұрғындарының 31 пайызынан астамы санақтан онлайн режімде өтті. 1 қазаннан бастап интервьюерлер үйлерді аралауға кірісті. Деректерді жинау кезінде қағаз тасымалдағыштары қолданылмайды.

Халық санағы нәтижесінде жиналған мәліметтер мемлекеттік органдарға әр қазақстандықтың өмірін жақсартуға көмегін көрсетеді. Санақ ел азаматтарына білім алуға, денсаулығын жақсартуға, жұмысқа орналасуға көмектеседі. Үйлерді аралауға шыққан интервьюерлер бірқатар кедергілерге тап болуда. Мәселен, тұрғындардың кейбірі есікті ашудан бас тартып, санақтан онлайн өткендерін дәйектейтін хабарламаларды көрсетпейді. Азаматтар халық санағының маңызын түсінгені жөн. Себебі ақпараттық базалар қанша дамыған болса да, халық санағы арқылы алынатын мәліметтердің теңдесі, баламасы жоқ. Сондықтан да статистика органдары облыс тұрғындарын халық санағына белсенді қатысуға шақырады.

         Абай ӘЛЖАНОВ,

         облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp