«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дау мұраты – бітім

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжановтың, облыс прокуроры  Бағбан Тайымбетовтың, полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаевтың және “Халықаралық медиация орталығы” республикалық қоғамдық бірлестігі “RPA IMC” президентінің өкілетті өкілі Алтын Бейсембаеваның қатысуымен өзара ынтымақтастықты нығайтудың төртжақты меморандумына қол қойылды.

Құжат медиациялық қызметтің ашықтығы мен тиімділігі қағидаттарына негізделе отырып, дау-дамайлар мен жанжалдарды шешудің балама түрлеріне қол жеткізуді, бірлескен іс-қимылдарды кешенді түрде жүзеге асыруды көздейді.

Іс-шараға қатысушылар татуластыру рәсімдерін қолдану тараптардың бір-бірімен тұрақты, бейбіт түрдегі байланысын сақтай отырып, мәселелерді өзара тиімді жолмен шешуге, ымыраға келуге мүмкіндік беретінін жеткізді. Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде ауыр емес қылмыстар бойынша татуластыру жолдары заңнамада қарастырылған. Тергеушілер мен анықтаушылар татуласу ықтималдылығын түсіндіруге міндетті, алайда қандай да бір шешім қабылдауына мәжбүрлеуге ешкімнің құқығы жоқ. Көбінесе келтірілген шығынды толығымен өтеген жәбірленушілер татуласуға барады. Кейде құқықтық сауаттылықтың болмауы адамдардың салмақты шешім қабылдауына кедергі болып жатады. Осындай екіұдай сәттерде үшінші тәуелсіз тараптың, яғни кәсіби медиатордың рөлі зор.

Төртжақты келісімге қол қоюшылар меморандумның мақсаты конструктивтік және ашықтық принциптері бойынша жанжалды шешуді, тың тәсілдер енгізуді бірлесе жүзеге асыру болып табылатынын атап көрсетті. Медиацияны дамыту саласында жемісті қадамдарға жетелейтініне сенім білдірісті.

      Динара ТӨЛЕҢГІТОВА,

облыстық соттың баспасөз хатшысы.

  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp